Заманауи Қазақстан-ғасырлық салт-дәстүрлер ұранымен бала тәрбиелеу методикасын ұстанамыз. Әр баланың жекелей дамуы үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Барлығы 4 топ
Топтар жарық әрі балаларға жайлы.
Оқыту тілі қазақша
Барлық іс-әрекеттер ойын түрінде өткізіледі.
Балалар саны 70
Әр балаға жеке қызығушылықтары ескеріледі.
Тәрбиелеу-білім беру процесінде
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді үйретеді.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалған.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Толығырақ көру
Дамытушы орта
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР ҮШІН ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ, ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРЫЛҒАН
Үлгілік бағдарламаны және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етілген және балалардың жастарына сәйкес.
Барлық топтық бөлменің үй-жайлары, кабинеттер, ойындар мен ойыншықтар, материалдар, құралдардың тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді.
Қолайлы эмоционалды жай-күйін қолдау үшін балалардың оңаша ойнауына орынды жабдықталған; - ересек пен баланың бірге әрекет етуі үшін қанық, мазмұнды жасалған.
Көпфункционалдылығы (балалар жиһаздары, жұмсақ модулдер топта табиғи материалдармен қамтылған); - өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі қарастылыған.)
Үйірмелер
Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, жаңа нәрселер үйренуге және қабілеттерін дамытуға көмектесетін тамаша орта.
Сөйлеуді дамыту
Құм терапиясы
Робототехника
Каратэ
Тіл үйрету үйірмесі
Басшы блогы
Шаухарова Ажар Шакиратовна
ЖШС “СҰҢҒЫЛА 7” , “Алтын адам 2” бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы
Жаңалықтар
Мамыр 2026 жыл
Балабақшамен қоштасу кештері жоғары деңгейде өткізілді.